13 сағат бұрын
Александр Шевченко «Ролан Гаррос» турниріне іріктеудің финалына шықты

Фото: instagram / rolandgarros
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Франция ашық біріншілігі саналатын АТР «Ролан Гаррос» турниріне іріктеу кезеңінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарыстың екінші айналымында Шевченко (АТР: 97) корт иесі, франциялық Матис Эрхардтың (АТР: 268) тізе бүктірді.
Қос теннисші арасындағы кездесу тартысты өтіп, 2 сағат 50 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Шевченко 1 эйс пен 6 брейк жасап, 3 мәрте қос қателікке жол берді. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:1 (3:6; 6:3; 7:6) есебімен басым түсті.
Енді Шевченко доданың негізгі кезеңіне берілетін жолдаманы аустриялық Филип Мисоличпен (АТР: 155) сарапқа салады.
