9 сағат бұрын

Елена Рыбакина Франциядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина Франциядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Фото: WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан Internationaux de Strasbourg WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстың ширек финалында Рыбакина (WTA: 12) польшалық Магда Линетті (WTA: 33) тізе бүктірді.

Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина 7 эйс пен 2 брейк жасап, 1 мәрте қос қателікке жол берді. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:0 (7:5; 6:3) есебімен басым түсті.

Енді Рыбакина келесі кезеңде бразилиялық Беатрис Хаддад Майя (WTA: 23) мен америкалық Эмма Наваро (WTA: 9) арасында өтетін матчтың жеңімпазымен финал жолдамасын сарапқа салады.

Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 1 064 510 долларды құрайды. Ал Елена жартылай финалға сүрінбей жеткені үшін 195 рейтингтік ұпай мен 51 305 еуро сыйақыға ие болды.

Астанада алғаш рет Халықаралық биатлон күні атап өтілді

Басқа 5 сағат бұрын

Астанада алғаш рет Халықаралық биатлон күні атап өтілді

Freedom QJ League: Бесінші турдың үздіктер құрамасы таңдалды

Футбол 6 сағат бұрын

Freedom QJ League: Бесінші турдың үздіктер құрамасы таңдалды

Қазақстандық 10 жас боксшы Азия чемпионы атанды

Бокс 6 сағат бұрын

Қазақстандық 10 жас боксшы Азия чемпионы атанды

Freedom QJ League: Бесінші турдың ең үздік голы анықталды

Футбол 7 сағат бұрын

Freedom QJ League: Бесінші турдың ең үздік голы анықталды

Қазақстандық боксшы қыздар барлық салмақта Азия чемпионы атанды

Бокс 8 сағат бұрын

Қазақстандық боксшы қыздар барлық салмақта Азия чемпионы атанды

Елена Рыбакина Франциядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Теннис 9 сағат бұрын

Елена Рыбакина Франциядағы турнирдің жартылай финалына шықты