Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

24.10.2025

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қоржынымызға екінші алтын түсті

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қоржынымызға екінші алтын түсті

Арлан Олжабай

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына екінші алтынды салды, деп хабарлайды Sport12.kz

Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді.

Финалда Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоанды 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын медаль бар. Бұған дейін алғашқы алтын медальді велошабандоздар аралас эстафетада жеңіп алған болатын.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»