30.11.2025
Қазақстанның жас шахматшылары Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Бангкокте өткен Азия чемпионатында табысты өнер көрсетіп, классика, рапид және блиц бойынша жалпы есепте 11 медаль иеленді. Алынған бес алтын жүлде ұлттық команданы құрлықтың үздіктері қатарына шығарды.
Азия чемпиондары атанған спортшылар:
- Милана Филиппова (G10) және Мария Холявко (G14) — классикада,
- Амиржан Анетов (O10) — рапидте,
- Алишер Абдсаттар (O14) және Асия Асылхан (G16) — блицте топ жарды.
Жалпы жарысқа 33 елден келген шамамен 700 жас шахматшы қатысты.
Қазақстандықтар барлық дисциплинада тұрақты нәтижелер көрсетті. Алтыннан бөлек, Ризат Ұлан, Адиа Жеңіс, Ясмина Алеманова, Асман Баянтас және Алимжан Жауынбай да жүлдегер атанып, елдің азиялық шахматтағы позициясын күшейте түсті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас