12 сағат бұрын
Он сегіз жылдан кейін Қысқы Азия ойындары Қазақстанға оралады
Фото: Kazinform
Қысқы Азия ойындары 2029 жылы Қазақстанда өтетін болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) мәлім етті.
Дүбірлі додада Сауд Арабиясында өтеді деген жоспар болған еді. Ендігі кезекте АОК пен Қазақстан Италияның Милан қаласында Қабылдаушы қала жөніндегі келісімге қол қоюды межелеп отыр.
Айта кетейік, Азияның қысқы ойындарын өткізу құқығы Сауд Арабиясына 2022 жылы берілген.
Алайда өткен айда Сауд Арабиясының Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеті мен Азия Олимпиадалық кеңесінің бірлескен мәлімдемесінде жарыстың мерзімі белгісіз уақытқа шегерілгені хабарланған болатын.
Алғаш рет Қысқы Азия ойындары 1986 жылы Жапонияның Саппоро қаласында өткен еді. Бұл спорттық шара 2011 жылы Астана және Алматы қалаларында өткізілді.
Біздің серіктес: Бізге тіркел!