Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

28.02.2026

Қазақстандық шпажшылар Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық шпажшылар Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстанның жастардан құралған шпажшылар командасы Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия юниорлық чемпионатында командалық жарыстарда қола медальге ие болды.

Қола медальді жеңіп алғандар: Кирилл Проходов, Нұржан Абжанов, Яков Федотов және Нариман Уалихан. Команда турнирдің бастапқы кезеңдерінде сенімді өнер көрсетіп, командалық кездесулерде тұрақты нәтиже көрсетті.

Медальға жету жолында қазақстандықтар Жаңа Зеландияны 45:31, кейін Өзбекстанды 44:33 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда Гонконг құрамасынан 37:45 есебімен жеңіліп, турнирді қола медальмен аяқтады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»