03.03.2023
Шаңғы спортынан ӘЧ: Қазақстандық спортшылар эстафетадан соңғы орын алды
Планица (Словения) қаласында шаңғы спортынан әлем чемпионатында әйелдер арасында эстафета өтті.
Құрамында Ксения Шалыгина, Айша Рақышева, Надежда Степашкина және Дарья Ряжко бар Қазақстан құрамасы мәреге 12-ші болып жетті.
Жарысқа бас-аяғы 13 команда қатысты. Қазақстан құрамасы Латвия құрамасын ғана ариқа тастады. Әлем чемпионы атанған Норвегиядан 20 шақырымдық қашықтықтың қорытындысы бойынша алшақтық 7 минут 40 секундты құрады.
Екінші орында тұрған Германия Норвегиядан 20 секундқа қалып қойды. Ал Швеция 28 секундқа қалып, үшінші сатыға жайғасты.