24.11.2024

Шорт-тректен халықаралық жарыста қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс алды

Шорт-тректен халықаралық жарыста қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Италияның Бормио қаласында шорт-тректен Alta Valtellina Trophy халықаралық жарысы өтіп жатыр.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұнда еліміздің екінші құрамасы сынға түсті. Санаулы сəттер бұрын эстафетада Қазақстан ерлер командасы мәреге бірінші жетіп, жеңімпаз атанды. Жарыс жолына Нұртілек Қажғали, Айбек Темірхан, Валерий Клименко, Әлішер Абулкатимов пен Дамир Құрманов шықты. Күміс жүлде Францияға бұйырса, үштікті жарыс қожайыны Италия түйіндеді.

Ал осыған дейін Нұртілек Қажғали 1000 метрге жарыста чемпион атанса, Валерий Клименко 500 метрде мәреге екінші жеткен. 

Айта кетейік, турнир ертең мәресіне жетеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас