12.03.2023
Мохамед Салахтың Египеттегі үйі тоналды

Мохамед Салах
«Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салахтың Каирдегі үйін белгісіз біреулер тонап кеткен, деп хабарлайды Goal басылымы.
Дереккөздің мәліметінше, Мысыр билігі дәл осы қылмысқа қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Үйдің терезелері ашық тұрғанын байқаған футболшының жиені қылмыс орнына полиция қызметкерлерін шақырған. Қандай заттардың ұрланғаны белгісіз болып тұр.
Салах осы маусымда «Ливерпуль» үшін барлық турнирлерде 38 ойынға қатысып, 22 гол соқты, 11 нәтижелі пас берді.
