13.03.2023

Мәнерлеп сырғанаудан жастар спорт ойындарында елордалық спортшылар бірінші орыға тұрақтады

Мәнерлеп сырғанаудан жастар спорт ойындарында елордалық спортшылар бірінші орыға тұрақтады

Бүгін Астана қаласындағы «Алау» мұзайдынында мәнерлеп сырғанаудан IV қысқы жастар спорт ойындары аяқталды. Үш күнге созылған бәсекеге 11 өңірден (3 қала мен 8 облыс) 100-ге тарта спортшы қатысты.

Ересектер арасында халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген Ұлттық құрама өкілдері жүлдені өзара бөлісті. Ерлерден «ҚР Спорт шебері» разрядында Михаил Шайдоров жеңіске жетсе (254,98 балл), елордалық спортшылар Диас Жиренбаевпен (209,71 балл) Рахат Бралин 2-ші және 3-орын алды (200,94 балл).

Әйелдер арасында «ҚР Спорт шебері» разрядында екі бірдей жерлестеріміз үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, елордалық Анна Левковец алтын еншілесе, Нұрия Сүлеймен күміс жүлдегер атанды. Бұл сында алматылық София Фарафонова үздік үштікті түйіндеді.

Басқа да санаттар бойынша Астана қаласының спортшылары алдынғы қатардан көрінді. Тоқталып өтсек, ерлер арасында «Спорт шеберлігіне үміткер» разрядында жерлесіміз Абай Садықов күміс жүлдегер атанды. Қыздар арасында «Спорт шеберлігіне үміткер» разрядында алтын медальді астаналық ару Зере Сарбалина еншіледі.

«Бірінші спорт» разрядында тағы бір жерлесіміз Амирлан Кусанов 2-орынға тұрақтады.

Тағы бір Астана қаласының спортшысы Ералы Шахимұрат ұлдар арасында «Екінші спорттық» разрядында күміс жүлдегер атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Астана қаласы 1-орын, Алматы қаласы 2-орын, Қарағанды облысы 3-орынға ие болды.

Іс-шараның марапаттау рәсіміне Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасары Азамат Имашев, Ұлттық коньки тебушілер федерациясының вице-президент Эльмира Турганова қатысты.

ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

Футбол 1 күн бұрын

ПСЖ 16 жастағы Ламин Ямаль үшін 250 миллион еуро төлеуге дайын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

ММА/UFC 1 күн бұрын

UFC 303 турнирінде бонус жеңімпаздары анықталды

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Футбол 1 күн бұрын

Аргентина — Перу матчына бейнешолу

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатын үшінші орынмен аяқтады

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Футбол 3 күн бұрын

Қазақстан Чемпионатынан Еуропа Чемпионатының плей-офф кезеңіне дейін

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады

Футбол 3 күн бұрын

Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуді бастады