07.01.2025

Анастасия Городко - Алматыдағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері 

Анастасия Городко - Алматыдағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Санаулы сәттер бұрын Анастасия Городко «Шымбұлақта» өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жекелей сында 2-орын алды. 

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандасымыз таңдаулы 6 спортшы арасындағы суперфиналда 70.79 балл алды. Алтын былтыр қола жүлдегер атанған жапониялық Юма Тагучидің еншісінде (72.43 балл). Үздік үштікті тағы бір жапон спортшысы түйіндеді (66.63 балл).

Еске сала кетейік, Анастасия 2022 және 2024 жылы Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласындағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жекелей сында алтыннан алқа таққан. Сонымен қатар параллель могулда 2 рет күміс жүлдеге ие болған.

Таңертең Анастасия Городко іріктеуде 69.83 балл жинап, 1-орынмен ақтық сынға жолдама алған. Юлия Фиклистова ол кезде 14-сатыдан көрінген (51.18 ұпай).

Бүгін ерлер арасында қазақстандық финалға шыға алмады. Семён Русаков 18-орынмен шектелді.

Жекелей сындағы қалған Ұлттық құрама спортшыларының іріктеудегі нәтижесі мынадай: 

Анастасия Ларионова 17-орын (43.09 ұпай)

Виктория Кузнецова 18-орын (42.87)

Юлия Мокина 22-орын (30.70)


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас