7 сағат бұрын
Дінмұхаммед Райымқұл фристайл-могулдан әлем чемпионы болған алғашқы қазақстандық спортшы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстандық Дінмұхаммед Райымқұл фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды.
Бұл жарыс Алматы қаласындағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында өтіп жатыр.
Мамандар оның жетістігін тарихи сәт ретінде бағалап отыр. Қазақстандық спортшылар арасынан ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы алтын медальға қол жеткізді. Ол финалда 104.52 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді.
Іріктеу сатысында ол Дінмұхаммед Райымқұл 4-орын алып, финалға жолдама алған еді. Бұл сайыста үздік нәтиже көрсеткен 6 спортшы ақтық сынға шықты.
Ел құрамасынан қазақстандық Асылхан Асан 11, Роман Погосян 12, Ұланбәкір Өмірзақов 13-орынды місе тұтқан еді.
Ал қыздар арасында 7-сатыға тұрақтаған отандасымыз Ардана Маханованың финалға шығуына аз ұпай жетпей қалды. Ал Аделина Өмірзақова 9, Раяна Маханова 11-орынға жайғасты.