Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

17.01.2025

Универсиада-2025: Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

Универсиада-2025: Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

Бүгін, 17 қаңтар, Туринде өтіп жатқан XXXII дүниежүзілік қысқы универсиаданың төртінші жарыс күні.

Назарларыңызға еліміздің атынан сайысқа түсетін спортшылар тізімін ұсынамыз:

13:30. Тау шаңғысы (әйелдер). Спринт. Квалификация: Анастасия Ротова, Лаура Қиныбаева, Мария Геращенко, Елизавета Толмачева, Әсем Жұмағазиева, Алесия Бочкарева;
13:55 Тау шаңғысы (ерлер). Спринт. Квалификация: Святослав Матасов, Ернұр Бексұлтан, Әмірғали Мұратбеков, Ілияс Исабек, Нартай Тұрлыбекұлы, Сұлтан Базарбеков;
16:00. Тау шаңғысы. Спринт. Финалдық кезең;
18:30. Мәнерлеп сырғанау (әйелдер). Еркін бағдарлама: София Самоделькина;
20:30. Хоккей (әйелдер). 5-8 орындар үшін плей-офф кезеңі. Қазақстан — Тайпей;
00:00. Хоккей (ерлер). Қазақстан — Чехия.

Еске сала кетейік, дүниежүзілік қысқы универсиада 13 қаңтарда жалауын желбіреткен болатын. Туриндегі дүбірлі дода 23 қаңтарға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге 2 алтын, 3 күміс һәм 1 қола медаль бар.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»