18.01.2025

Заңғар Нұрланұлы «Үлкен дулыға» турнирін жеңіспен бастады

Заңғар Нұрланұлы «Үлкен дулыға» турнирін жеңіспен бастады

Аустралияның Мельбурн қаласында жастар арасындағы Australian Open-2025 турнирі жалауын желбіретті.

16 жасар қазақстандық ракетка шебері Заңғар Нұрланұлы (ITF Juniors рейтингінде 39 орын) турнирдің алғашқы айналымында жергілікті теннисші Николас Бейкерді (ITF Juniors рейтингінде 306 орын) 6:2; 3:6; 6:3 есебімен жеңді.

Келесі кезеңде отандасымыз болгариялық Александр Васильевке (ITF Juniors рейтингінде 21 орын) қарсы матч өткізеді.

Айта кетейік, ертең дәл осы турнирде тағы бір қазақстандық теннисші Әмір Омарханов (ITF Juniors рейтингінде 4 орын) жарыс жолын бастайды. Әмір бірінші кезеңде америкалық Матисс Фарзаммен (ITF Juniors рейтингінде 45 орын) шын мықтыны анықтайды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас