Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Фрибет 10 000₸. Құр қалма! Өту
Olimpbet Видеореп

19.01.2025

Универсиада-2025: Мәнерлеп сырғанаудан София Самоделькина қола жүлде иегері атанды

Универсиада-2025: Мәнерлеп сырғанаудан София Самоделькина қола жүлде иегері атанды

Фото: olympic.kz

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII қысқы универсиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан бәсеке өтті.

Қазақстан атынан сынға түскен жалғыз спортшы София Самоделькина, еркін бағдарламада 190.96 ұпай жинап, Универсиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Бұл мәнерлеп сырғанаудан қысқы Универсиада тарихындағы екінші медаль. Бұған дейін 2019 жылы Елизабет Тұрсынбаева күміс жүлдені алған.

Ал ерлер сайысында Михаил Шайдоров екінші қысқы Универсиадасында да 4-орынға тұрақтап, жүлдеге сәл ғана жетпей қалды.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 6 орында келеді. Ел құрамасының қоржынында 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль бар.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас