5 сағат бұрын

Универсиада-2025: 22 қаңтар спортшыларымыз қандай нәтиже тіркеді?

Универсиада-2025: 22 қаңтар спортшыларымыз қандай нәтиже тіркеді?

Фото: qazsporttv.kz

Бүгін, 22 қаңтар, Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы универсиада ойындарының тоғызыншы жарыс күні өз мәресіне жетті.

Қазақстандық спортшылар бүгін биатлон мен шорт-трек бәсекелерінен жүлдеге таласты.

Назарларыңызға ел намысын қорғаған спортшыларымыздың тіркеген нәтижелерін ұсынамыз.

Биатлон (Ерлер). Масстарт. 15 км: Отандастарымыздың арасында ең үздік нәтиже көрсетіп, қолаға қол созған спортшы – Кирилл Бауэр (43:26.9). Ал қалған биатлоншыларымыз Вадим Куралес – алтыншы (43:49.8), Никита Акимов – жетінші (44:30.3), Ержанат Қуандық – он тоғызыншы орынға табан тіреді.
Биатлон (әйелдер). Масстарт. 12,5 км: Қыздарымыз арасында үздік нәтижені Милана Генева тіркеді. Милана белгіленген межені 44:06.4 минутта бағындырып, мәре сызығын жетінші болып қиды. Ал қалған спортшыларымыз Арина Крюкова – 11 орынға (45:08.2), Айша Ракишева – 12 орынға (45:13.4), Алина Скрипкина – 17 орынға (46:45.6) жайғасты.
Шорт-трек (ерлер). 500 метр: Валерий Клименко финалда сынға түсіп, өкінішке орай мәреге жете алмады. Дінмұхаммедалдияр Тәжібай ширек финалдан, ал Айбек Темірхан бірінші айналымнан сүрінді.
Шорт-трек (әйелдер). 500 метр: Бұл сайыста Яна Хан мен Зейнеп Құмархан финалға жеткенімен, жүлделі орындардан көріне алмады. Ал Малина Ермекке финалда өнер көрсету бақыты бұйырмады.
Шорт-трек, аралас эстафета. 2000 метр. Аталмыш жарыс түрінен бақ сынаған отандастарымыз 2:44.815 минут уақытта, мәреге үшінші болып келді. Универсиада ойындарының қола жүлдегері атанған спортшыларымыз: Алина Әжіғалиева, Малика Ермек, Яна Хан, Валерий Клименко және Дінмұхаммедалдияр Тәжібай.

Осылайша қазақстандық спортшылар бүгінгі жарыс күнін 2 қола жүлдемен аяқтады.

Қазақстан құрамасы медальдар жиынтығы бойынша жалпы командалық есепте 12 орында келеді. Ел құрамасының қоржынында әзірге 3 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль бар.

Универсиада-2025: 22 қаңтар спортшыларымыз қандай нәтиже тіркеді?

Қысқы ойындар 5 сағат бұрын

Универсиада-2025: 22 қаңтар спортшыларымыз қандай нәтиже тіркеді?

Бақтиер Зайнутдинов ойнайтын «Бешикташтың» жеңісіне үлес қосты

Футбол 6 сағат бұрын

Бақтиер Зайнутдинов ойнайтын «Бешикташтың» жеңісіне үлес қосты

Бейбіт Жұқаев Португалиядағы челленджер турнирінің 1/8 финалына өтті

Теннис 7 сағат бұрын

Бейбіт Жұқаев Португалиядағы челленджер турнирінің 1/8 финалына өтті

Шавкат Рахмоновтың қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

ММА/UFC 7 сағат бұрын

Шавкат Рахмоновтың қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

«Ақтөбе» сапына сербиялық қорғаушы қосылды

Футбол 8 сағат бұрын

«Ақтөбе» сапына сербиялық қорғаушы қосылды

Қазақстандық шабуылшы Анкудинов Испанияда клубын ауыстыруы мүмкін

Футбол 8 сағат бұрын

Қазақстандық шабуылшы Анкудинов Испанияда клубын ауыстыруы мүмкін