4 сағат бұрын
Керлингтен Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне жетті
Фото: Харбиндегі Азия ойындарының ұйымдастыру комитеті
IX Қысқы Азиада ойындарында бүгін керлингтен аралас жұптық сайыста Қазақстан құрамасы Қатардан басым түсіп, алғашқы жеңісіне жетті.
8 эндтің қорытындысы бойынша біздің құрама қарсыласынан 7:4 есебімен басым түсті.
Аталған жарыста Қазақстан атынан Әмина Сейітжанова мен Әзизбек Нәдірбаев жұбы бақ сынады.
Бұл жеңіс – Қазақстан құрамасының Қысқы Азиададағы алғашқы жетістігі. Осыған дейін отандастарымыз Қытай (5:11) және Оңтүстік Корея (0:12) құрамаларына есе жіберген болатын.
Айта кетейік, ел құрамасы дүбірлі додада B тобында бақ сынап жатыр. Топта бізден бөлек Оңтүстік Корея, Қатар, Қырғызстан, Филиппин және Қытай құрамалары сынға түсуде.
Сары құрлықтың басты додасының ашылу салтанаты 7 ақпан күні өтеді. Байрақты бәсеке 14 ақпанға дейін жалғасады.