11.02.2025

Геннадий Головкин Шерзод Хаширбаев пен Роман Ивановты құттықтады

Геннадий Головкин Шерзод Хаширбаев пен Роман Ивановты құттықтады

Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Геннадий Головкин фристайл-акробатикадан синхронды секіру бойынша Азия ойындарының тарихи алтын медалін жеңіп алған Шерзод Хаширбаев пен Роман Ивановты құттықтады.

— Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаев, сіздерді Харбиндегі Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алғандарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі өнерлеріңіз – ұлы жеңіс! Мықты қарсыластармен тартысты күресте сіздер табандылық, төзімділік, рух пен батылдық ең биік шыңдарға жеткізетінін дәлелдедіңіздер. Сіздердің батылдықтарыңыз бен шеберліктеріңіз бүкіл қазақ елін рухтандырады!
Қазақстан тарихында алғаш рет фристайл-акробатикадан спортшыларымыз Азия ойындарының ең биік тұғырына көтерілді – бұл спорт тарихында мәңгі қалатын маңызды сәт. Бағлан Іңкәрбекке оның еңбегі мен сіздерге деген сенімі үшін алғыс білдіремін. Сіздердің әрбірімізге сыйлаған қуаныш пен мақтаныш сезімдеріңіз үшін рақмет. Алда көптеген жетістікке жете беріңіздер,— деді Геннадий Головкин.

Еске салсақ, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов фристайл-акробатикадан ел қоржынына тарихи алтын медаль салған болатын.


Біздің серіктес: Бізге тіркел!