12.02.2025

Ербол Мырзабосынов Азиадада жүлдегер спортшылармен кездесті

Ербол Мырзабосынов Азиадада жүлдегер спортшылармен кездесті

Фото: olympic.kz

Ербол Мырзабосынов пен Геннадий Головкин Азиадада ел қоржынына жүлде салған спортшылармен кездесті.

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен ҰОК президенті Геннадий Головкин Харбиндегі қысқы Азия ойындары аясында кешелі-бүгін ел қоржынына жүлде салған спортшылармен кездесті. Әңгіме барысында министр мен ҰОК президенті жерлестеріміздің қысқы Азия ойындарында қол жеткізген жетістіктерін айрықша атап өтті.

Мәселен, кеше фристайл-акробатикада бақ сынаған жерлестеріміз құрамында Бейжің Олимпиадасының чемпионы бар Қытай спортшыларын шаң қаптырып, тарихи алтын жүлдені жеңіп алса, биатлоншылар алғашқы екі орынды өзара бөлісіп, ел қоржынына бір алтын, бір күміс жүлде салған болатын. Одан бөлек, отандастарымыз конькимен жүгіру және шаңғыдан ерлер және әйелдер арасындағы командалық эстафета сайысында күміс пен қола жүлделер еншілеген еді.

Кездесу соңында Ербол Мырзабосынов пен Геннадий Головкин спортшыларды қысқы Азия ойындарында жеңіп алған жүлделерімен құттықтап, алдағы бәсекелерде сәтті өнер көрсетуіне тілектестік білдірді.
8 жастағы жапон шабуылшысы Кадзуёси Миура мансабын аяқтау туралы айтты

Футбол 5 сағат бұрын

8 жастағы жапон шабуылшысы Кадзуёси Миура мансабын аяқтау туралы айтты

Әлемдік футболдағы ерекше рекорд: Энцо – екі әлем чемпионатының жеңімпазы

Футбол 7 сағат бұрын

Әлемдік футболдағы ерекше рекорд: Энцо – екі әлем чемпионатының жеңімпазы

Астана қаласында «Болашақ ойындарын» қабылдайтын спорт нысандары анықталды

Басқа 8 сағат бұрын

Астана қаласында «Болашақ ойындарын» қабылдайтын спорт нысандары анықталды

Марат Омаров: Қазақстан Конференция лигасы мен УЕФА Суперкубогын қабылдауға дайын

Футбол 9 сағат бұрын

Марат Омаров: Қазақстан Конференция лигасы мен УЕФА Суперкубогын қабылдауға дайын

Қазақстан құрамасының экс-сұрмергені Тайнан «Семей» клубына ауысады

Футзал 13 сағат бұрын

Қазақстан құрамасының экс-сұрмергені Тайнан «Семей» клубына ауысады

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты - 2029: Алғашқы төрт қатысушы белгілі болды

Футбол 15 сағат бұрын

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты - 2029: Алғашқы төрт қатысушы белгілі болды