13.02.2025
Жәнібек Әлімханұлы: Чемпиондық белбеуді алу үшін кіммен болса да жұдырықтасуға дайынмын

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы абсолютті чемпион болу үшін кез келген қазақпен жұыдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.
Tengri Sport тілшісіне сұхбат берген даңқты боксшының айтуынша, дәл қазір Қазақстанға әлемнің абсолютті чемпионы қажет.
– Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына жекпе-жек өткізуі мүмкін. Егер ол осы титулға ие болса сен онымен жұдырықтасуға дайынсың ба?
– Қазақстанға қазір абсолютті әлем чемпионы керек. Қазір маған жанкүйерлер зор үміт және сенім артып отыр, олар менің төрт белбеудің басын біріктіретініме сенеді.
Менде қазір екі белбеу бар. Қалған екеуіне қол жеткізіп, фанаттардың арманын орындау үшін мен кез келген боксшымен ұлтына қарамай жұдырықтасуға дайынмын.
