14.02.2025
Шайбалы хоккейден аруларымыз Оңтүстік Кореяны тағы да жеңді

Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасы Харбин-2025 ойындарының күміс жүлдесіне бір табан жақындады
Бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Оңтүстік Кореядан басым түсті.
Шешуші матчтың есебі: 3-0.
Бірінші кезеңде сан басымдығын тиімді пайдаланып шабуылшымыз, капитанның бірі Малика Алдабергенова есеп ашты. Ал шешуші айналымның басында Юлия Буторина жойқын соққымен есепті еселеді. Тағы бір шайбаның авторы - Дария Молдабай.
Осылайша, Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының жүлдесіне қол жеткізді. Нақты күміс не қола екені Жапония мен Қытай арасындағы матчтан кейін белгілі болады.
Жалпы Қазақстан осы бәсекеде Қытайдың Гонконг (12-0), Таиланд (9-0), Қытайдың Тайпейі (5-1), Қытай (2-1), Оңтүстік Корея (1-0) командасын ұтып, тек Жапонияға (0-4) жол берді.
