14.02.2025

Геннадий Головкин хоккейден Қазақстан ерлер құрамасын құттықтады

Геннадий Головкин хоккейден Қазақстан ерлер құрамасын құттықтады

Фото: : Нұрғали Жұмағазы, ҰОК баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасын Харбин-2025 қысқы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алуымен құттықтады.

«Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасын және бүкіл бапкерлер штабын Азия ойындарының алтынымен құттықтаймын! Мен құрамамыздың барлық ойынын тамашалап, хоккейшілеріміздің мұз айдынында жанқиярлықпен өнер көрсетіп, ұйымшылдық танытқанын көрдім. Бүгін сіздер тағы да Азиядағы хоккейдің көшбасшысы екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Бүкіл Қазақстан сіздерге жанкүйер болды, осы жеңіс қуанышын сыйлағандарыңыз үшін алғыс айтамын», – деп атап өтті Геннадий Головкин.

Финалдық матчта Қазақстан құрамасы Жапонияны 5:0 есебімен сенімді жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Қола жүлдені Оңтүстік Корея құрамасы иеленді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған еді. Олар ұпай саны бойынша Жапонияға жол берді.

Әлем чемпионаты: Ресей қазағы Қазақстан боксшысын жүлдесіз қалдырды

Бокс 1 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Ресей қазағы Қазақстан боксшысын жүлдесіз қалдырды

Жеңіске деген жігер: Елдана Талипова - жартылай финалда

Футбол 1 сағат бұрын

Жеңіске деген жігер: Елдана Талипова - жартылай финалда

Нокдаунмен жеңіс: Виктория Графеева әлем чемпионатын жалғастырады

Бокс 3 сағат бұрын

Нокдаунмен жеңіс: Виктория Графеева әлем чемпионатын жалғастырады

Қазақстандық теннисшілер Билли Джин Кинг кубогына қатысады

Теннис 3 сағат бұрын

Қазақстандық теннисшілер Билли Джин Кинг кубогына қатысады

Әлем чемпионаты: Жайна Шекербекова  жүлдеге жетпей қалды

Бокс 3 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Жайна Шекербекова жүлдеге жетпей қалды

Алуа Балқыбекова  әлем чемпионаты жартылай финалына шықты

Бокс 3 сағат бұрын

Алуа Балқыбекова әлем чемпионаты жартылай финалына шықты