14.02.2025

Қысқы Азия ойындары алғаш рет Сауд Арабиясында өтеді

Қысқы Азия ойындары алғаш рет Сауд Арабиясында өтеді

Фото: Фото: Нұрғали Жұмағазы

Қысқы Азия ойындары 2029 жылы алғаш рет Сауд Арбаиясында өтетін болды. Бұл шешім бүгін Қытайдың Харбин қаласында өткен Қысқы Азия ойындарының жабылу салтанатында көпшілікке таныстырылды.

Салтанатты шара барысында Харбин қаласының мэрі Ван Хэшэн мен Азия Олимпиада кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Фок Жэнтин туды Сауд Арабиясының Ұлттық спорт комитеті төрағасына және Ұлттық спорт комитетінің төрағасы Ханзада Фейсалға табыс етті.

Алдағы айтулы шара 2029 жылдың жазғы мезгілінде Неом қаласындағы Трохена тау шаңғысы курортында жалауын көтереді. Осылайша алғаш рет Қысқы Азия ойындары араб тілді мемлекет аумағында өтетін болды.

Айта кетсек, дүбірлі дода 1986 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін Жапонияда төрт, Қытайда үш, Оңтүстік Корея мен Қазақстанда бір-бір мәрте жалауын көтерген еді. 

Жалпы командалық есепте ел құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қола медальмен төртінші орынға табан тіреді.

Қорытынды кестеде көш бастаған құрама — Қытай. Жарыс иелері байрақты бәсекені алдына жан салмай, 32 алтын, 27 күміс және 26 қол жүлдемен аяқтады.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда  жекпе-жек өткізеді

Бокс 19 минут бұрын

Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнир матчының алдында кортқа шықпады

Теннис 26 минут бұрын

Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнир матчының алдында кортқа шықпады

«Барыс» – «Авангард» матчына дайындық

Хоккей 1 сағат бұрын

«Барыс» – «Авангард» матчына дайындық

Ақтөбеде жас балуанның қазасына байланысты іс қайта қаралады

Күрес 2 сағат бұрын

Ақтөбеде жас балуанның қазасына байланысты іс қайта қаралады

ФИФА Газа секторындағы футбол инфрақұрылымын қалпына келтіруге көмектеседі

Футбол 2 сағат бұрын

ФИФА Газа секторындағы футбол инфрақұрылымын қалпына келтіруге көмектеседі

«Реал» жұлдызы сот алдында жауап беруі мүмкін

Футбол 2 сағат бұрын

«Реал» жұлдызы сот алдында жауап беруі мүмкін