14.04.2023
Күрестен Азия чемпионаты: Дархан Есенғали чемпион атанды

Дархан Есенғали
Еркін күрестен Астана қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Дархан Есенғали үздік шықты.
74 келі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз Азия біріншілігінің финалында Кирин Киношитаны 7:2 есебімен жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды.
Дархан жартылай финалда Бахрейн елінің балуаны Магомедрасул Аслуевті 2:1 есебімен жеңген еді.
