2 күн бұрын
Қазақстандық төрешілер әлем чемпионатында қазылық етеді

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Біріккен күрес әлемі (UWW) Хорватияның Загреб қаласында өтетін әлем чемпионатында қызмет атқаратын төрешілерді тағайындады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жаһандық додаға еліміздің атынан екі төреші аттанды.
Әлем біріншілігінің белдесулерінде отандастарымыз Игорь Лигай мен Ерік Жұмабеков төрелік етеді.
Осыған дейін қазақстандық мамандар 2024 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында жұмыс істеп, халықаралық деңгейде біліктілігін арттырған еді.
Айта кетейік, күрес түрлерінен әлем чемпионаты 13-21 қыркүйек аралығында өтеді.
