1 күн бұрын
Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен әлемдік рейтингте көш бастап тұр

Фото. Спортты дамыту дирекциясы
Біріккен Күрес әлемі ұйымы әйелдер күресінен жаңартылған рейтинг нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова 51 мың ұпаймен 72 келі салмақта әлемдік рейтингте бірінші орында тұр. Ол бұл орында биылғы жылдың сәуір айынан бастап көшбасшы болып келеді.
Жәмила Бақбергенова 1996 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін төрт дүркін әлем чемпионатында жүлдегр атанса, төрт мәрте Азия чемпионы атағын жеңіп алған. Соңғы рет ол құрлықтық додада биыл иордания астанасы амман қаласында өткен құрлықтық додада топ жарған еді.
Екінші орынға 45 мың ұпаймен жапониялық Ади Иши жайғасса, үздік үштікті 34700 ұпаймен моңғолиялық Болортунгалаг Зоригт түйіндеп тұр.
