6 сағат бұрын
Грек-рим күресінен Азия чемпионатында тағы қазақстандық төрт жас балуан алтын алды

Фото: Спорт және дене шынықтыру әстері комитеті
Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) 4–8 шілде аралығында өтіп жатқан грек-рим күресінен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты қазақстандық тағы төрт балуан жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бүгінгі жарыс күні Қазақстан құрамасының қоржыны төрт алтын медальмен толықты.
Ермек Самға — 52 кг
Тулеш Марлен — 57 кг
Аманәлі Дияр — 48 кг
Алмас Али — (41 кг)
Еске сала кетейік, бұған дейін Пахитжан Нұрислам (38 кг) те Азия чемпионатында топ жарып, алтын медаль иеленген болатын.
