9 сағат бұрын
Жәмилә Бақбергенова Мажарстандағы турнирде күміс медаль алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Мажарстан астанасы Будапешт қаласында халықаралық турнирде әйелдер күресінен әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері Жәмилә Бақбергенова (72 келі) күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial халықаралық турниріінде қазақстандық балуан финалда үндістандық Харшита Харшитаға жол берді.
Сондай-ақ ел құрамасы қоржынына тағы бір қола медаль түсті. Тағы бір отандасымыз Нилуфар Райымова (57 келі) қолаға қол жеткізді.
Енді жарыс жолына Тыныс Дүбек (62 келі), Ирина Казюлина (68 келі), Эльмира Сыздықова (76 келі) шығады.
Одан кейін бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері көтеріледі.
Айта кетсек аталған жарысқа 14 елден 99 спортшы жиналды.
