17 сағат бұрын
Нұрдәулет Кұмарұлы грек-рим күресінен әлем чемпионатында күміс алды

Фото: Қазақстан күрес федерациясы
Грекия астанасы Афины қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Нұрдәулет Кұмарұлы (48 келі) күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық балуан финалда өзбекстандық Бунёд Хасановпен шеберлік байқасты. Кездесу барысында отандасымыз қарсыласына жол беріп қойды.
Ел құрамасынан Асқар Нұрәли (55 келі) бас жүлдені сарапқа салады.
Сондай-ақ енді ел құрамасынан Жаңажол Қуанышбек (45 келі), Базарбек Данияр (51 келі), Ақон Дамир (60 келі), Шамиль Досбол (65 келі), Мейірбекұлы Марлен (71 келі), Макхамбаев Марданбек (80 келі), Тойшы Əділет (92 келі), Советхан Бақтұp (110 келі) бозкілемге шығады.
Әлем чемпионаты 27-31 шілде аралығында өтеді.
Айта кетсек, қазақстандық төрешілер 2025 жылғы күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында қызмет атқарады.
Біріккен күрес әлемі (UWW) жариялаған 2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өтетін әлем чемпионатында қызмет атқаратын төрешілер қатарында Игорь Лигай мен Ерік Жұмабеков бар.
