10 сағат бұрын
Қазақстандық маман күрес түрлерінен әлем чемпионатында төрешілік қызмет атқарады

Фото: Қазақстан күрес федерациясы
Олимпиадалық дәрежедегі төреші Манарбек Қожахметұлы Болгарияның Самоков қаласында өтетін 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде қызмет жасайды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз грек рим, еркін және әйелдер күресі бойынша төрешілік қызметін атқарады.
17-24 тамыз аралығында өтетін беделді бәсекеде қазақстандық балуандар әйелдер күресінен, грек-рим және еркін күрестен ел намысын қорғайды. Алдымен еркін күрес шеберлері боз кілемге шықса, одан кейін әйелдер күресінен жүлделер сарапқа салынады.
Әлем чемпионатын грек-рим күресінің балуандары түйіндейді.
Дүниежүзілік дода 1969 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін қазақстандық балуандар 10 алтын, 27 күміс, 39 қола медаль алды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
