18.08.2025

Еркін күрестен әлем чемпионатында Едіге Қасымбек алтын медальға таласады

Еркін күрестен әлем чемпионатында Едіге Қасымбек алтын медальға таласады

Фото: Қазақстан күрес түрлері федерациясы

Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгілер арасында еркін күрестен алғашқы жарыс күнінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Ел құрамасынан Едіге Қасымбек (125 келі) финалға дейін жетті. Ендігі оның қарсыласы - ирандық Мohammad Neza. Финалдық белдесу бүгін, 18 тамызда Астана уақытымен 20:00-де басталады. 

Сондай-ақ Досжан Құл-Ғайып (74 келі) пен Самир Дурсунов (97 келі) жұбаныш белдесуінде күреседі. 

Айта кетсек, қазақстандық бапкерлер әлем чемпионатына аталған үш балуаннан өзге Нұрданат Айтанов (57 келі), Аллан Оралбек (61 келі), Ералы Жеңісов (65 келі), Сұңқар Сейдахмет (70 келі), Ерхан Әбіл (79 келі), Қасымжомарт Әлин (86 келі), Камиль Куруглиев (92 келі) сынды спортшыларды алып барды.

17-24 тамыз аралығында өтетін беделді бәсекеде қазақстандық балуандар әйелдер күресінен, грек-рим және еркін күрестен ел намысын қорғайды. Алдымен еркін күрес шеберлері боз кілемге шықса, одан кейін әйелдер күресінен жүлделер сарапқа салынады.

Әлем чемпионатын грек-рим күресінің балуандары түйіндейді.

Дүниежүзілік дода 1969 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін қазақстандық балуандар 10 алтын, 27 күміс, 39 қола медаль алды. 

Былтыр Испанияның Понтеведре қаласында өткен әлем чемпионатында ел құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлдемен медальдар кестесінде төртінші орынға тұрақтады.


 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Ресми: «Барселона» қақпашысы «Эльчеге» ауысты

Футбол 3 минут бұрын

Ресми: «Барселона» қақпашысы «Эльчеге» ауысты

Чемпиондар лигасының барлық қатысушылары белгілі болды

Футбол 17 минут бұрын

Чемпиондар лигасының барлық қатысушылары белгілі болды

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим: Бізге бірнәрсені өзгерту қажет

Футбол 29 минут бұрын

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим: Бізге бірнәрсені өзгерту қажет

«Қарабах» Чемпиондар лигасына жолдама алды

Футбол 2 сағат бұрын

«Қарабах» Чемпиондар лигасына жолдама алды

«Манчестер Юнайтед» Лига кубогынан ұшты

Футбол 2 сағат бұрын

«Манчестер Юнайтед» Лига кубогынан ұшты

Оралдағы ескі стадион жөнделетін болды

Футбол 12 сағат бұрын

Оралдағы ескі стадион жөнделетін болды