10 сағат бұрын

Едіге Қасымбек - еркін күрестен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы

Едіге Қасымбек - еркін күрестен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы

Фото: Қазақстан күрес федерациясы

Қазақстандық Едіге Қасымбек (125 келі) 20 жасқа дейінгілер арасында еркін күрестен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан дүбірлі доданың финалында ол ирандық Аболфазл Мохаммад Нежадпен кездесті. Белдесу барысында отандасымыз қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктіріп, сенсациялық түрде жеңіске жетті.

 Едіге Қасымбек әлем чемпионатында моңғолиялық Нарантулгу Дармаабазарды 15:12, Оңтүстік Корея балуаны Ба Джун Джанды 6:0, американдық Коула Санто Мирасолуды 11:0 есебімен тізе бүктірді.

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Самир Дурсунов (97 келі) қола жүлдегер атанды.

Дүниежүзілік дода 1969 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін қазақстандық балуандар 10 алтын, 27 күміс, 39 қола медаль алды. 

Былтыр Испанияның Понтеведре қаласында өткен әлем чемпионатында ел құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлдемен медальдар кестесінде төртінші орынға тұрақтады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты басталды

Басқа 8 сағат бұрын

Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты басталды

Камиль Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионаты финалына шықты

Күрес 9 сағат бұрын

Камиль Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионаты финалына шықты

Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Атырауды» ірі есеппен жеңді

Футбол 9 сағат бұрын

Футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» «Атырауды» ірі есеппен жеңді

Едіге Қасымбек - еркін күрестен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы

Күрес 10 сағат бұрын

Едіге Қасымбек - еркін күрестен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы

Майкл Веккьоне биыл «Барыс» сапында ойнайды

Хоккей 15 сағат бұрын

Майкл Веккьоне биыл «Барыс» сапында ойнайды

Түркістан облысында халықтың күшімен салынған футбол алаңы бұзылуы мүмкін

Футбол 21 сағат бұрын

Түркістан облысында халықтың күшімен салынған футбол алаңы бұзылуы мүмкін