9 сағат бұрын
Камиль Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионаты финалына шықты

Фото: Қазақстан ҰОК
Еркін күрес шебері Камиль Куруглиев (92 келі) Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жартылай финалда отандасымыз әзірбайжандық Анара Джафарлиден басым түсті.
Енді ол ақтық сында Шерзод Поеновпен (Өзбекстан) өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Едіге Қасымбек (125 келі) әлем чемпионаты финалында ирандық Аболфазл Мохаммад Нежадті 4:1 есебімен тізе бүктіріп, чемпиондық атақты жеңіп алды.
Ал Самир Дурсунов (97 келі) қола жүлдегер атанды.
17-24 тамыз аралығында өтетін беделді бәсекеде қазақстандық балуандар әйелдер күресінен, грек-рим және еркін күрестен ел намысын қорғайды. Алдымен еркін күрес шеберлері боз кілемге шықса, одан кейін әйелдер күресінен жүлделер сарапқа салынады.
Әлем чемпионатын грек-рим күресінің балуандары түйіндейді.
Дүниежүзілік дода 1969 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін қазақстандық балуандар 10 алтын, 27 күміс, 39 қола медаль алды.
Былтыр Испанияның Понтеведре қаласында өткен әлем чемпионатында ел құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлдемен медальдар кестесінде төртінші орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
