20.08.2025
Алан Оралбек еркін әлем чемпионатында жұбаныш белдесуіне қатысады

Фото: Біріккен күрес әлемі
Еркін күрес шебері Алан Оралбек (61 келі) Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатында жұбаныш белдесуінде сынға түседі.
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, бүгін, 20 тамызда еркін күрестен соңғы медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Еліміздің атынан сынға түсіп жатқан Алан Оралбек жұбаныш белдесуінде бозкілемге шығады. Ол ширек финалда ирандық Ахор Хатериге есе жіберген болатын.
Осылайша, қазақстандық спортшы жұбаныш белдесуіне жолдама алды. Ол Пуэрто-Рикодан барған Омар Аюбпен белдеседі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
