6 күн бұрын
Қазақстандық Әлібек Тұрлығазы түрік балуанына жеңіліп қалды

Әлібек Тұрлығазы
Болгарияның Самоков қаласында 20 жасқа дейінгілер арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр.
67 келіде Қазақстан намысын қорғаған Әлібек Тұрлығазы түрік балуаны Абдуллах Кескінге 1:10 есебімен мерзімінен бұрын есе жіберді. Осы нәтиже бойынша ол медаль үшін тікелей бәйгеден шығып қалды.
Дегенмен, Кескін финалға өтсе, Тұрлығазы жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
