3 күн бұрын

Грек-рим күресінен әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы төрт медальмен аяқтады

Грек-рим күресінен әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы төрт медальмен аяқтады

Фото: Қазақстан ҰОК

Болгарияның Самоков қаласында өткен грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Дүбірлі доданың соңғы жарыс күнінде 3-орын үшін белдесуде Темірлан Тұрдақын (87 келі) әзірбайжандық Орхан Гаджиевті жеңді.

Осылайша отандасымыз қола жүлде иесі атанды.

Сондай-ақ, Дамир Ибраишов (63 келі) үшінші орын үшін белдесуде Ресей балуаны Игорь Пунченкоға есе жіберіп қойды.

Әлем чемпионатында грек-рим күресінен отандастарымыз төрт жүлде жеңіп алды.

Ел құрамасынан Диас Сейітқалиев (82 келі) күміс жүлдегер атанса, Арсен Жұма (55 келі), Юсуф Ашрапов (72 келі) және Темірлан Тұрдақын (87 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Дүбірлі додада еркін күрестен Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынға табан тіреп, 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль алды.

Ел құрамасынан Едіге Қасымбек (125 келі) чемпион атанса, Камиль Куруглиев (92 келі) күміске қол жеткізді. Ал Нұрданат Айтанов (57 келі), Досжан Кұлғайып (74 келі) және Самир Дурсунов (97 келі) үздік үштікті түйіндеді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Ресми: «Барселона» қақпашысы «Эльчеге» ауысты

Футбол 3 минут бұрын

Ресми: «Барселона» қақпашысы «Эльчеге» ауысты

Чемпиондар лигасының барлық қатысушылары белгілі болды

Футбол 17 минут бұрын

Чемпиондар лигасының барлық қатысушылары белгілі болды

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим: Бізге бірнәрсені өзгерту қажет

Футбол 29 минут бұрын

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Рубен Аморим: Бізге бірнәрсені өзгерту қажет

«Қарабах» Чемпиондар лигасына жолдама алды

Футбол 2 сағат бұрын

«Қарабах» Чемпиондар лигасына жолдама алды

«Манчестер Юнайтед» Лига кубогынан ұшты

Футбол 2 сағат бұрын

«Манчестер Юнайтед» Лига кубогынан ұшты

Оралдағы ескі стадион жөнделетін болды

Футбол 12 сағат бұрын

Оралдағы ескі стадион жөнделетін болды