6 күн бұрын
Ерейментаудағы жарыста ақтөбелік жас балуан ауыр жарақаттанды

Фото: gorodvitebsk.by
Ерейментауда қазақ күресінен Перуаш Кәрімұлының құрметіне республикалық жарыста жазатайым оқиға тіркелді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кілемге сәтсіз лақтыру кезінде Ақтөбеден келген 15 жасар балуан зардап шекті. Жарыста кезекшілікте жүрген аурухана дәрігері дереу көмек көрсетіп, дереу реаниматологты шақырды.
Тексеру кезінде клиникалық өлім анықталды. Спортшы Ерейментау аудандық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылды. Дәрігерлер жанама массаж, адреналин, дефебреллация жасады. Содан кейін жүрек қалпына келді. Жас жігіт өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Көкшетау мен Астана дәрігерлері байланыста болды. Алдын ала диагноз бойынша науқастың мойын омыртқасының сүйектерінің сынуы болғаны анықталды. Консультациядан кейін оны елордалық ауруханаға тасымалдау туралы шешім қабылданды.
Бұл оқиғаға Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді:
- 7 қыркүйекте Ерейментау ауданының аумағында қазақша күрестен жарыс өткізу барысында Ақтөбе қаласының 15 жастағы тұрғыны ауыр жарақат алды. Осы факті бойынша полиция органдары қылмыстық іс қозғады, - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
