2 сағат бұрын

Асылжан Есенгелді әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі 

Асылжан Есенгелді әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Асылжан Есенгелді (61 келі) Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Еркін күрес шебері бағана жұбаныш кезеңінде армениялық қарсыласы Манвел Хндзрцянның жауырынын жерге тигізді. Енді Астана уақытымен түнде Есенгелді америкалық Джаксен Патрик Форрестпен қола медаль иегерін анықтайды.

Айта кетейік, Асылжан - 61 кг дейінгі салмақта 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Ал іріктеуде Болат Сақаев (-79 кг) Ибрагим Метехан Япракқа (Түркия), Әділет Әлмұхамедов (-57 кг) Арыйан Тютринқа (UWW) есе жіберді. Біздің спортшылардың жұбаныш кезеңіне қатысу, қатыспауы қарсыластарының нәтижесіне байланысты.





Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Жағажай футболынан Италиядағы турнирде Қазақстан құрамасы төртінші орын алды

Футбол 29 минут бұрын

Жағажай футболынан Италиядағы турнирде Қазақстан құрамасы төртінші орын алды

Санжар Тәшкенбай – екі дүркін әлем чемпионы

Бокс 38 минут бұрын

Санжар Тәшкенбай – екі дүркін әлем чемпионы

Назым Қызайбай әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бокс 52 минут бұрын

Назым Қызайбай әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

«Қызылорда Арена» матчтарды өткізуге дайын

Футбол 1 сағат бұрын

«Қызылорда Арена» матчтарды өткізуге дайын

Тюрамдар дербиді қыздырды

Футбол 2 сағат бұрын

Тюрамдар дербиді қыздырды

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты қазақстандық спортшылар жүлде ала алған жоқ

Басқа 2 сағат бұрын

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты қазақстандық спортшылар жүлде ала алған жоқ