03.05.2023
Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға халықаралық турнир өтеді

Елорда төрінде грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы халықаралық турнир өтеді.
Байрақты бәсекеде әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Жарыстың ресми ашылу салтанаты 16 мамыр сағат 17:30, Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында. Іс-шара Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Күрес федерациясының ұйымдастыруымен өткізіледі.
