2 сағат бұрын
Камиль Куруглиев әлем чемпионатының қоласына таласады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Бүгін түнде еркін күрестен Ұлттық құрама спортшысы Камиль Куруглиев (92 кг) Загребтегі әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, санаулы сəттер бұрын отандасымыз жұбаныш белдесуінде Бенжамин Конрад Хонистен (Италия) соңғы секундтарда жеңісті жұлып алды.
Куруглиевтің қарсыласы ирандық Амирхосейн Биглар Фиразпур болмақ. Финалдар бүгін Астана уақытымен 21:00-де басталады. Елімізде чемпионатты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
