1 сағат бұрын
Камиль Куруглиев әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Бүгін Хорватия астанасы Загребте еркін күрестен ересектер арасындағы әлем чемпионатының кезекті жүлделері сарапқа салынды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, санаулы сəттер бұрын бозкілемге шыққан отандасымыз Камиль Куруглиев өз салмағында (-92 кг) үздік бестікті түйіндеді. Ол қола жүлде үшін сында 3 дүркін Азия чемпионы Амирхосейн Биглар Фиразпурға (Иран) жол берді.
Айта кетейік, Куруглиев (-92 кг) кеше ширек финалға жетіп, Аманула Гаджимагомедовке есе жіберіп, бүгін жұбаныш кезеңінде Бенжамин Конрад Хонисты (Италия) соңғы секундтарда ұтқан.
Сондай-ақ Камиль бір ай бұрын Болгарияның Самоков қаласында өткен U20 әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген.
Осымен күрестің бұл түрінен бәсеке Ұлттық құрама спортшылары үшін аяқталды. Кеше еркін күрес шеберлері арасынан Загребте Асылжан Есенгелді (-61 кг) мен Нұрқожа Қайпанов (-70 кг) 3-орыннан көрінді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
