2 сағат бұрын

Еркін күрестен бас бапкер Мадияр Құрамысов: 4-5 медаль аламыз деп жоспарлап едік

Еркін күрестен бас бапкер Мадияр Құрамысов: 4-5 медаль аламыз деп жоспарлап едік

Еркін күрестен Қазақстан Ұлттық құрамасы үшін Загребтегі әлем чемпионаты аяқталды. Осы орайда бас бапкер бәсеке қорытындысы жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz

Хорватия астанасында біздің палуандар 10 салмақта сынға түсіп, 2 қола жүлдеге қол жеткізді. Олар: Асылжан Есенгелді (61 келі) және Нұрқожа Қайпанов (70 келі).

«10 салмақта балуандарымыз сынға түсіп, 2 қола медаль бұйырды. Өкінішке қарай, сенім артқан тағы 4 балуанымыз үмітті ақтамады. Болат Сақаев (79 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі), Ризабек Айтмұхан (97 келі), Әлішер Ерғалиға жеребе жақсы түссе де, бастапқы кезеңдерден аса алмады. 65 келідегі Начын Куулар да 2 қарсыласын жеңгенімен, Ресей спортшысына шамасы келмеді. Осылайша біздің балуандар үшін биылғы ірі жарыс аяқталды», - деді еркін күрестен бас бапкер Мадияр Құрамысов.

Осыған дейінгі 5 әлем чемпионатындағы еркін күрестен біздің нәтиже мынадай: 

2024 жыл - 1 алтын (Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтар бойынша өткен) 

2023 жыл - 1 алтын, 1 қола медаль; 

2022 жыл - 1 қола медаль;

2021 жыл - медаль алмады; 

2019 жыл - 2 күміс, 2 қола медаль;

Айта кетейік, алдағы күндері әйелдер және грек-рим күресінен жүлделер сарапқа салынады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Құзға өрмелеуден Әмір Маймұратов Әлем кубогында үздік ондыққа енді

Басқа

Құзға өрмелеуден Әмір Маймұратов Әлем кубогында үздік ондыққа енді

MEGOGO-да бокс туралы фильмдер топтамасы

Басқа 4 минут бұрын

MEGOGO-да бокс туралы фильмдер топтамасы

Әйелдер күресі: 3 спортшымыз әлем чемпионатында қарсыласының нәтижесін күтеді

Күрес 29 минут бұрын

Әйелдер күресі: 3 спортшымыз әлем чемпионатында қарсыласының нәтижесін күтеді

Қыркүйек айында Қазақстанның ойынын тамашалаған жанкүйерлердің саны белгілі

Футбол 50 минут бұрын

Қыркүйек айында Қазақстанның ойынын тамашалаған жанкүйерлердің саны белгілі

«Қайраттың» сырт алаңдағы ойынына кім төрелік етеді?

Футбол 1 сағат бұрын

«Қайраттың» сырт алаңдағы ойынына кім төрелік етеді?

Еркін күрестен бас бапкер Мадияр Құрамысов: 4-5 медаль аламыз деп жоспарлап едік

Күрес 2 сағат бұрын

Еркін күрестен бас бапкер Мадияр Құрамысов: 4-5 медаль аламыз деп жоспарлап едік