2 сағат бұрын
Әйелдер күресі: 3 спортшымыз әлем чемпионатында қарсыласының нәтижесін күтеді

Хорватия астанасы Загребте әйелдер күресінен әлем чемпионатының 2-жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Бүгін бозкілемге Ұлттық құрама сапынан 3 отандасымыз шығып, алғашқы белдесуде қарсыласына есе жіберді.
Светлана Анкичева (-50 кг) Солтүстік Корея өкілі Мёнен Вонмен, Лаура Алмағанбетова (-57 кг) Яна Кристина Хемиаэмен (Финляндия), ал Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова (-76 кг) Энрика Ринальдимен (Италия) күресті.
Енді қарсыластары финалға шықса, спортшыларымыз ертең жұбаныш кезеңіне қатысады.
Ертең қалған 4 салмақта (-53, -62, -68, -72 кг) әйелдер арасында іріктеу кезеңі өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
