2 сағат бұрын
Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында есе жіберді

Күрес түрлерінен Хорватияда өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер бәсекесінде жүлделер үлестіріп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Ұлттық құрамадағы көшбасшы балуанымыз Жәмила Бақбергенова бірінші белдесуінде жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Нұрзат Нұртаеваға (Қырғызстан) жол берді. Негізгі уақыт 3:3 есебімен аяқталса да, отандасымыз әдіс сапасы бойынша есе жіберді.
Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова 2021 жылдан бері тұрақты түрде жүлде (3 күміс, 1 қола) алып жүрген болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
