2 сағат бұрын
Ерейментауда жарыста мойын омыртқасын сындырып алған балуан көз жұмды

Фото: istockphoto.com
Жарыста мойын омыртқасын сындырып алған жас балуан көз жұмды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жас спортшының денесі SCAT әуе компаниясының рейсімен жеткізілген. Оның жанында жаттықтырушысы мен тума-туыстары болды.
– Бахтияр Ахай – Ақтөбе қаласының тумасы. Белдесу кезінде қарсыласының әдісінен кейін басымен құлап, ауыр жарақат алып, өмірден озды. Қонақасы бүгін болады. Ал, ертең шығару рәсімі өтеді, - деп хабарлады спорт басқармасы.
Айта кетейік, оқиға 7 қыркүйекте Ақмола облысы Ерейментау ауданында өткен 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Х дәстүрлі халықаралық турнир кезінде болды. Ақтөбелік балуан күрес әдісін орындау кезінде мойын омыртқасынан ауыр жарақат алып, есінен танып қалған.
Кейін дәрігерлер 2010 жылғы жасөспірім санитарлық авиациямен шұғыл Астана қаласындағы № 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілгенін хабарлады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
