2 сағат бұрын
Марлан Мұқашев Еуропа чемпионын жеңуге шақ қалды

Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінің шеберлері жүлдеге таласып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
55 келіде сынға түскен Марлан Мұқашев 1/16 финалда Еуропа чемпионы Артеом Делеанумен (Молдова) жолы түйісті. Белдесудің басында отандасымыз 9:0 есебімен басым түсіп келе жатса да, қолда бар артықшылығын уысынан шығарып алды. Нәтижесінде Молдова өкілі 14:11 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 21 қыркүйекте мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
