1 сағат бұрын
Демеу Жадыраев әлем чемпионатында жұбаныш белдесуіне қатысады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Хорватия астанасында грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында 4 салмақтың финалистері анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша,
ширек финалда (-77 кг) отандасымыз Демеу Жадыраевтан басым түскен Париж Олимпиадасының чемпионы Нао Кусака келесі белдесуінде мажар палуаны Роберт Атилла Фрицті жеңді. Ертең түнде Кусака мен Малхас Амоян (Армения) бас жүлдені сарапқа салады.
Ал Демеу Жадыраев украиналық спортшы Игорь Бычковпен жұбаныш кезеңінде күш сынасады. Бұл белдесуі ертең Астана уақытымен 13:30-да басталатын күндізгі сессияда өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
