3 сағат бұрын
Мерей Мәулітханов күрестен әлем чемпионатын жеңіспен бастады

ДРС
Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Бүгінгі жарыс күні бозкілемге алғаш болып 72 келідегі Мерей Мәулітханов шықты. Ол іріктеу кезеңінде Финляндия балуаны Матиас Липастиді 3:0 есебімен жеңді. Енді отандасымыз екінші айналымда әлем чемпионы Али Арсаланмен күш сынасады.
Айта кетейік, күрестен жаһандық дода 21 қыркүйекте мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
