3 сағат бұрын
Жаһандық додадағы сенсация: Мерей Мәулітханов әлем чемпионын жеңіп кетті

Хорватия астанасы Загребте күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
72 келідегі Мерей Мәулітханов екінші айналымда фаворит саналған, Сербия атынан сынға түскен Иран балуаны Али Арсаланды 5:3 есебімен жеңіп кетті.
Ол бұған дейін іріктеу кезеңінде Финляндия балуаны Матиас Липастиді 3:0 есебімен ұтқан болатын.
Ширек финалдық белдесулер сәлден кейін басталады. Оның қарсыласы - Токио және Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Парвиз Насибов.
Айта кетейік, күрестен жаһандық дода 21 қыркүйекте мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
