2 сағат бұрын
Айдос Сұлтанғали ширек финалға шықты

Грек рим күресінен әлем чемпионатының ширек финалына шыққан палуандар саны екеуге жетті, деп хабарлайды Sport12.kz
Ұлттық құрама спортшысы Айдос Сұлтанғали Израиль өкілі Мелкаму Фатаниді жеңіп, Хорватия астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
Отандасымыз қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, мерзімінен бұрын жықты. Енді ол 1/4 финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ре Се-унгпен (Солтүстік Корея) белдеседі.
Айта кетейік, күрес түрлерінен әлем чемпионаты 21 қыркүйекте мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
